NoFake

Министрлік түсіндірді: Орфандық орталықтың дислокациясы ғана өзгереді

Photo 5435906018404666788 y

Фото: Gov.kz

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі республикалық орфандық орталықтың жұмыс форматы өзгермейтінін, тек орналасу орны жаңартылатынын мәлімдеді, деп хабарлайды nofake.kz/.

«Орфандық аурулары бар балаларға медициналық көмек көрсету жүйесі толық сақталады. Барлық қызметтер штаттық режимде және үзіліссіз жалғасады», – деді ҚР ДСМ баспасөз қызметі.

Ведомствоның мәліметінше, қабылданған шешімдер медициналық, ұйымдастырушылық және логистикалық факторларды ескере отырып, мемлекеттік органдар мен өңірлердің қатысуымен қабылданған.

«Республикалық орфандық үйлестіру орталығы Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығының базасында жұмысын жалғастырады. Бұл шешім сирек аурулары бар пациенттер үшін медициналық көмектің қолжетімділігі мен сапасына әсер етпейді», – делінген хабарламада.

Министрлік жағдайға тұрақты мониторинг жүргізіп, қабылданған шешімдердің іске асырылу барысы туралы жұртшылықты хабардар етуді жалғастыратынын атап өтті.

Оқу үшін