NoFake

Табысы төмен отбасыларға біржолғы төлем берілмейді — Еңбек министрлігі

Фото: Gov.kz

Еңбек министрлік әлеуметтік желілерде табысы төмен отбасыларға біржолғы төлем төленеді деген ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды NoFake.kz.

«Мессенджерлер мен әлеуметтік желілерде 2026 жылы табысы 232 мың теңгеден төмен отбасыларға, сондай-ақ белгілі бір сырқаты бар адамдарға 432 500 теңге мөлшерінде біржолғы төлем тағайындалатыны туралы таратылып жатқан ақпарат шындыққа сәйкес келмейді. Қолданыстағы заңнамада мұндай әлеуметтік төлем қарастырылмағанын хабарлаймыз», — делінген ресми хабарламада.

Айта кетейік, мемлекеттік қолдау шаралары туралы ресми мәліметтер тек 1414 нөмірінен SMS-хабарламалар арқылы жіберіледі, сондай-ақ мемлекеттік органдардың ресми интернет-ресурстарында ғана жарияланады.

Еске салсақ, бүгін Денсаулық министрлігі әлеуметтік желілердегі дәрі бағасы қымбаттап жатыр деген қауесетті жоққа шығарғанын жазғанбыз.

Оқу үшін