NoFake

Оқушыларға сабақта ұялы телефон ұстауға тыйым салынатыны рас па

Иллюстративное фото: depositphotos.com

ҚР Оқу-ағарту бірінші вице-министрі қазақстандық оқушыларға сабақта ұялы телефон ұстауға қатысты жаңа ережелерді таныстырды, деп хабарлайды Nofake.kz.

ҚР Оқу-ағарту бірінші вице-министрі Шынар Ақпарованың айтуынша, оқушыларға тек сабақ уақытында ғана ұялы телефон ұстауға тыйым салынады. Қалған уақытта ұялы телефон ұстау ережелерін әр мектеп өз тәртібі бойынша реттейді.

«Ұялы телефонды ұстауға тыйым салу — тек сабақ уақытына ғана қатысты болады. Қазір осыған қатысты бірыңғай талаптар әзірленді. Осы талаптардың негізінде, білім беру мекемесі өзінің ішкі тәртібіне сәйкес, ұялы телефонды мектепте ұстау ретін де шешетін болады», — деп түсіндірді ол.

Сондай-ақ ол, оқушыларға сабақ уақытында ұялы телефонды ұстауға тек қажет болған жағдайда ғана рұқсат етілетінін атап өтті.

Айта кетейік, бүгін Үкіметте ҚР Оқу-ағарту министрлігі мен ҚР Ғылым және жоғары білім министрлері алдағы жаңа оқу жылына дайындық барысымен таныстырды. Үкімет басшысы Олжас Бектенов қос ведомство басшыларына оқу жылына қатысты бірқатар нақты тапсырмаларды тапсырды.

Оқу үшін