NoFake

Мәжіліс депутаттарының атынан тағы бір дипфейк тарады

Deepfake

Скрин видеодан

Instagram желісінде Қазақстан Парламенті Мәжілісінің депутаттары атынан кезекті дипфейк тарады, деп хабарлайды nofake.kz/.

«Мәжіліс жиынында бір депутаттың орынсыз айтқан сөзі әріптестерін күлкіге қарық қылды. Белгілі бір мәселе туралы ойын білдірген халық қалаулысының пікірін дұрыс жеткізе алмауы немесе сөзді орынсыз қолдануы залда отырғандардың назарын бірден өзіне тартты», — деп жазылған видео сипаттамасында.

Видеода сөйлеп тұрған адам нақты Мәжіліс депутаты емес. Ресми деректерге сәйкес, Қазақстан Парламенті Мәжілісінде мұндай тұлға жоқ. Ролик жасанды интеллект көмегімен жасалған. Кадрларда ауыз қимылы мен дауыс сәйкессіздігі, бет мимикасының жасандылығы және бейне сапасының біркелкі болмауы байқалады.

Дипфейк жариялаған парақша биосында «заңдық кеңес береміз» деп көрсетілгенімен, парақшада авторлық құқық сақталмай, өзге видеолардың рұқсатсыз жарияланып жүргені көрінеді.

Еске салсақ, бұған дейін депутаттардың атынан тараған дипфейктер туралы жазған болатынбыз. Онда зейнетақы жарналарына қатысты жалған депутаттың эмоциялық пікірі берілген. Бұл дипфейкте де зейнетақының шектік сомасын қысқарту туралы үндеу таратылған.

Оқу үшін