NoFake

МӘМС туралы ең көп тараған мифтер: қайсысы шын, қайсысы жалған

Close up doctor paper family

Фото: freepik.com

Азаматтар арасында Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры туралы түрлі миф пен қате түсінік кең тараған. Желіде, әсіресе, МӘМС аясында көрсетілетін қызметтерге қатысты жалған ақпарат жиі жазылады. Азаматтарды мазалайтын мәселелерге нақты жауап алу үшін, nofake.kz/ қор мамандарына хабарласты.

Коммы

Назарларыңызға солардың арасында ең кең тараған мифтерді ұсынамыз.

Миф 1: МӘМС аясында мемлекеттік клиникаларда ғана емделуге болады
Жоқ, МӘМС бойынша медициналық қызметтерді мемлекеттік және МӘМС-пен келісімшартқа отырған жеке клиникалардан да алуға болады.

Миф 2: МӘМС тегін медицинаны алмастырады
МӘМС жүйесі тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемін алмастырмайды, тек толықтырады. Әр пакетте қызметтер тізімі бар.

Миф 3: Егер МӘМС төлемесем, жедел жәрдем келмейді
Жедел медициналық көмек, оның ішінде жедел жәрдем шақыру, КТМК (кепілдендірілген тегін медициналық көмек) аясында тегін көрсетіледі, ол үшін МӘМС мәртебесі қажет емес.

Миф 4: Егер адам басқа жерде тіркелген болса, МӘМС бойынша тексерілуге болады
Жоқ, МӘМС бойынша тек тіркелген поликлиникада ғана тексерілуге мүмкін. Жедел көмек кез келген медициналық мекемеде көрсетіледі. Қолыңызда жолдама жоқ болса, МӘМС бойынша тексеруден өту мүмкін емес, мұндай жағдайда медициналық қызмет — ақылы.

Миф 5: 2026 жылдан жұмыссыздар МӘМС-ке жарна төлейді
Шындық: 2026 жылдан бастап мемлекет әлеуметтік осал категориядағы жұмыссыздардың, кризистік және шұғыл жағдайдағы адамдардың жарналарын төлейді. Яғни, жұмысы жоқ жандар жарна төлемейді.

Миф 6: Жұмыс істемейтін және жеке кәсіпкер ретінде тіркелмеген жүкті әйелдерге жеңілдік қарастырылған ба?
Иә, олар жеңілдік санатына кіреді және МӘМС-ке мемлекет жарна төлейді. Ол үшін тіркелген емханасына барып, жүктілігі бойынша есепке тұруы қажет. Әдетте есепке гинеколог қояды, бірақ оған жазылу үшін МӘМС жүйесінде сақтандырылған болуы қажет. Егер мәртебесі болмаса да, ол ТМККК аясында учаскелік дәрігер және акушер арқылы есепке тұра алады. Босанғаннан кейін әйел үш жасқа толмаған баланы тәрбиелеп отырған жұмыссыз адам ретінде басқа жеңілдік санатына өтеді және қайтадан мемлекет есебінен сақтандырылады.

Миф 7: Жұмыс істемейтін адам қорға жарна төлеу керек пе?
Шындық: Қазақстанда халықтың 60%-ы жеңілдік санатына кіреді және жарнаны мемлекет төлейді. Яғни, көпшілік жарна төлемейді. Мемлекет сақтандыратын азаматтар:

жүкті әйелдер;

18 жасқа толмаған балалар;

зейнеткерлер;

көпбалалы аналар;

жұмыссыздар, есепте тұрғандар;

мүгедектер;

студенттер;

асыраушысы жоқ адамдар және басқалар.

Миф 8: Егер МӘМС жоқ болса, емхана қабылдамайды
Учаскелік терапевт және педиатр барлық адамды қабылдауға міндетті, тіпті МӘМС болмаса да. Бірақ анализдер, УДЗ, бейінді мамандардың консультациясы тек «сақтандырылған» мәртебесі барларға қолжетімді.

Миф 9: Егер МӘМС бар болса, кез келген тексеруден тегін өтуге болады
Дәрігер клиникалық протокол бойынша тағайындаған қызметтер ғана тегін. Мысалы, «қайта тексеруден өту үшін МРТ-ге түсемін» — бұл ақылы. Егер дәрігер МРТ қажет деп тапса — тегін болады.

Оқу үшін