NoFake

Макинскіде арыққа қызыл су төгілген: Экология департаменті түсінік берді

3mWd55WqCRNVLOTWtMocwOG4Q1lBg37RNMdisRjK

Фото: Depositphotos

Әлеуметтік желіде Макинск қаласының Космодемьянская көшесіндегі арықтардан қызыл-қызғылт түсті су ағып жатқаны туралы ақпарат тарағаннан кейін Ақмола облысының Экология департаменті тексеріс жүргізді, деп хабарлайды nofake.kz/.

Ведомство мәліметінше, 2025 жылғы 14 желтоқсанда мамандар оқиға орнына шығып, қала және аудан әкімдігі, санитарлық қызмет пен төтенше жағдайлар бөлімі өкілдерімен бірлесіп мониторинг жасаған.

«Әлеуметтік желіде Макинск қаласының Космодемьянская көшесіндегі арықтардан қызыл-қызғылт түсті су ағып жатқаны туралы ақпарат тарағаннан кейін Ақмола облысының Экология департаменті тексеріс жүргізді. Зертханалық талдау нәтижесінде бірқатар көрсеткіш бойынша нормативтен асу тіркелді. Жоспардан тыс тексеру барысында ластану көзі кәсіпорын аумағындағы өндірістік қалдықтарды уақытша орналастыру алаңымен байланысты екені анықталды», — делінген Экология департаментінің ресми хабарламасында.

Зертханалық талдау нәтижесінде аммоний азоты, мыс, темір, сульфаттар, хлоридтер, хром және марганец бойынша нормативтен асу тіркелген.

Тексеру қорытындысы бойынша зауытқа қатысты әкімшілік хаттама толтырылып, материалдар сотқа жолданған. Кәсіпорынға бұзушылықтарды жою және экологиялық бақылауды күшейту жөнінде нұсқама берілген.

Оқу үшін