NoFake

Ұлттық жады қабырғасына Салтанат Нүкенованың есімі жазылған жоқ

nofake.kz/

Қостанай облысы Амангелді ауданының әкімдігі «Нүкенованың есімі «Ұлттық жады қабырғасына» жазылған» деген ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды nofake.kz/.

Әлеуметтік желіде қазақтың көрнекті тұлғалары тұрған пантеонға Салтанат Нүкенованың жеке тақтасы орнатылды деген ақпарат тарады, бұл туралы кейбір БАҚ та жазды.
Шын мәнінде, марқұм Салтанат Нүкенованың есімі Амангелді ауданыдағы меценат салған көпфункционалды туристік кешендегі жабық нысанның ішінде орнатылған.


«Бұл — меценаттың жеке бастамасымен жүзеге асқан жобалардың бірі. Сол нысанда тарихи тұлғалар мен оқиғаларға арналған бірнеше ондаған тақта қойылған. Бұл тақталардың «Ұлттық жады қабырғасына» ешқандай қатысы жоқ», — деп жазылған Амангелді әкімдігі таратқан хабарламада.

Ал, «Ұлттық жады қабырғасы» — ресми мемориалдық жоба. Онда қазақ тарихындағы танымал тұлғалардың есімі жазылған 296 ескерткіш тақта бар. Бұл мемориал 2024 жылғы 23 мамырда монументалды өнер нысандарын орнату жөніндегі республикалық комиссияның келісімімен салынған. Қабырға жергілікті атқарушы органның балансына берілген.

Оқу үшін