Шығыны 2,3 млрд теңгеден асатын алаяқтық операциялар бұғатталды

nofake.kz/
Ұлттық банктің Антифрод-орталығы жалпы сомасы 2,3 млрд теңгеден асатын алаяқтық транзакцияларды бұғаттады. Оның ішінде 1,7 млрд теңгеден астамын – жіберуші банк алдын ала тоқтатты, ал 642 млн теңге – алушы банк жақтан бұғатталып, оның 255 млн теңгесі зардап шеккендерге қайтарылған, деп хабарлайды nofake.kz/ қаржы реттеушісінің деректеріне сілтеме жасап.
2025 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша Антифрод-орталығы 65 мыңнан астам оқиға тіркеді.
Ұлттық банк мәліметінше, бұл платформа 2024 жылы толық іске қосылған. Оның мақсаты – қаржы ұйымдары мен мемлекеттік органдар арасында ақпарат алмасуды жеделдету арқылы алаяқтық операциялардың алдын алу.
Жүйе нақты уақыт режимінде күмәнді төлемдер туралы деректермен алмасуға, бірыңғай дерекқор (еліміз бойынша «сұр» және «қара» тізімдер) жүргізуге, құқық қорғау органдарына және қаржы нарығына қолжетімділікті қамтамасыз етуге, сондай-ақ операция түрлері, сома және уақыт кесіні бойынша талдамалық деректер алуға мүмкіндік береді.
Антифрод-орталыққа барлық екінші деңгейлі банктер мен құқық қорғау органдары, төлем және микроқаржы ұйымдары, Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі, Қаржы мониторингі агенттігі, Бас прокуратура, ҰҚК, «Мемлекеттік техникалық қызмет» АҚ және барлық ұялы байланыс операторлары қосылған. Қазір 200-ден астам ұйым қатысады.


