NoFake

Күнтізбе арқылы келетін фейк «вирус»: iPhone-дағы жаңа схема

Фото: freepik.com

iPhone қолданушылары жаңа алаяқтық тәсілге тап болды. Қаскөйлер құрылғыны бұзбай-ақ, кіріктірілген күнтізбе қызметі арқылы жалған хабарламалар таратады, деп хабарлайды NoFake.kz.

Схема қарапайым: пайдаланушы байқамай бөгде күнтізбеге жазылып қалады. Осыдан кейін экранға «құрылғыңыз вирус жұқтырды» немесе «сыйлық ұттыңыз» деген жалған ескертулер шыға бастайды. Мұндай хабарламалар шынайы көрінуі мүмкін, себебі күнтізбе жазылымдары қатаң тексерістен өтпейді.

Сарапшылардың айтуынша, Apple ешқашан күнтізбе арқылы вирус туралы хабарлама жібермейді. Егер құрылғы осындай ескерту көрсетсе, бұл — алаяқтық белгісі.

«Apple құрылғының жұқтырылғаны жөнінде күнтізбе арқылы хабарлама жібермейді. Егер телефон “вирус бар” деп ескертсе немесе сыйақы уәде етсе, бұл — алаяқтықтың белгісі», — дейді киберқауіпсіздік мамандары.

Мәселені шешу үшін iPhone баптауларына кіріп, «Күнтізбе» бөліміндегі белгісіз жазылымдарды өшіру қажет. Мамандар өзіңіз бастамаған «жүлде», «вирус» немесе «шұғыл мәселе» туралы хабарламаларды ашпауға кеңес береді.

Оқу үшін