NoFake

КТК-ға жасалған шабуылдан Қазақстан қанша шығынға батты — Министр жауап берді

Environmental pollution factory exterior

Фото: freepik.com

Қазақстанның мұнай тасымалдайтын КТК құбырына қараша айында украиналық дрондар шабуыл жасаған еді. Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов шабуылдардан Қазақстанға қанша шығын келгенін мәлімдеді, деп хабарлайды nofake.kz/. 

Министрдің хабарлауынша Қазақстанмен бірге КТК серіктестеріне де шығын келген. 

«Шығындар, біздің республикада 100 млн АҚШ долларына жуық. Серіктестерде 70 млн АҚШ долларындай шығын болуы мүмкін. Ол тек менің ойым, оны нақтылау қажет», — деді министр.

Энергетика министрі Қазақстан мұнай тасымалының балама бағыттарын қарастырып жатқанын атап өтті.  

«Әрине қарастырып жатырмыз. Қазіргі қосымша бағыттар, ол Қазақстан-Қытай, Атырау-Самарадағы екі порт және қосымша Германияға да көлемдер бар. Негізінде КТК-дан бөлек Қазақстан мұнайы экспортының бірнеше қосымша маршруты бар. Егер жалпы көлемді айтатын болсақ, мұнайдың 80 пайызы КТК құбыры арқылы өтсе, 9 млн мұнай Атырау-Самара арқылы өтеді. Одан кейін мұнай 3 бағыт бойынша тасымалданады. Олардың қатарында Германия «Швед» зауыты, Қара теңіздегі «Новороссийск» пен Усть-Луга порты бар. Мысалы, Қазақстан-Қытай бағыты бойынша 1,1 млн тонна көлемінде мұнай жөнелтіледі. Сосын Каспий теңізі арқылы Жейхан бағыты бойынша 1,5 млн тоннадай мұнайды тасымалдамақпыз», — деді ол.

Айта кетейік, КТК — Каспий құбыр консорциумы (КҚК) — әлемдегі ең ірі мұнай құбырларының бірін басқаратын халықаралық компания. Ол Батыс Қазақстандағы мұнай кен орындарын Қара теңіз жағалауындағы Ресейдің Новороссийск қаласында орналасқан теңіз терминалымен байланыстырады.

Оқу үшін