Кредит алаяқтарынан қорғанудың алты тәсілі

NoFake
Кредит алаяқтарынан қорғану енді оңайырақ. Қарыз рәсімдеу кезінде қауіпсіздік қағидаларын сақтау арқылы алаяқтықтың алдын алуға мүмкіндік бар. Азаматтар өз атына несие рәсімделу тәуекелін азайту үшін сақтық шараларын ұстануы қажет, деп хабарлайды nofake.kz/.
Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі алаяқтардың банк клиенттерінің атына несие рәсімдеуінің алдын алу үшін мына нұсқауларды орындауды ұсынады:
- eGov.kz порталында, eGov mobile қосымшасында немесе кредиттік бюро арқылы «Stop кредит» қызметін қосыңыз. Бұл сіздің атыңызға кредит алу мүмкіндігін бақылауға мүмкіндік береді.
- Кодтарыңызды құпия сақтаңыз. Қоңырау шалушы адам өзін банк, қауіпсіздік қызметі немесе мемлекеттік органдардың қызметкері деп таныстырса да, ешқашан және ешкімге СМС-кодтарды, PIN-кодтарды, бір реттік парольдерді (OTP) немесе Secure-кодтарды бермеңіз.
- Бейтаныс адамдардың өтініші бойынша өзіңіздің телефоныңызға немесе компьютеріңізге қашықтан қол жеткізу бағдарламаларын орнатпаңыз.
- СМС, мессенджерлер немесе жарнамалық хабарландырулардан күмәнді сілтемелер бойынша өтпеңіз.
- Онлайн банкингке және басқа да маңызды сервистерге кіру үшін екі факторлы аутентификацияны пайдаланыңыз.
- Кредиттік бюроларда өзіңізді кредиттік есебіңізді үнемі тексеріп отырыңыз – бұл рұқсат етілмеген қарыздарды уақтылы анықтауға көмектеседі.

Қазақстандықтар аталған нұсқауларды орындау арқылы кредиттік алаяқтықтың құрбаны болудан сақтана алады.


