Конституцияға қатысты жалған ақпаратқа жол бермеу керек — Артур Ластаев

Фото: gov.kz
ҚР Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Ластаев Артур жаңа Конституцияны талқылау барысында жалған ақпаратқа жол бермеу қажеттегін атап өтті, деп хабарлайды nofake.kz/.
Бұл туралы ол Конституциялық комиссияның кезекті отырысында мәлімдеді.
«Қазіргі таңда қазақстандық қоғам жауапты кезеңге аяқ басып отыр. Алдағы уақытта өмірімізді айқындайтын құжат талқылануда. Ең бастысы — талқылау барысында байыпты әрі жауапты ұстанымды сақтау керек, жалған ақпарат пен дезинформацияға жол бермей, құжаттың нақты мазмұны мен деректеріне сүйену, дәлелді диалогты жалғастыру және өзіміздің тарихи үдерістегі жауапкершілігіміз бен ортақ қатыстылығымызды терең сезіну қажет», — деді ол.
Айта кетейік, бұған дейін ҚР ІІМ Конституция туралы жалған ақпарат таратқандар жауапқа тартылатынын жеткізген еді.


