NoFake

Конституция жобасында ел атауы «Қазақия» болып өзгереді деген ақпарат — фейк

Фото: Gov.kz

Әлеуметтік желілерде Конституцияның жаңа жобасында Қазақстан Республикасының атауы өзгертіліп, «Қазақия» деп аталатыны туралы жалған ақпарат тарап жатыр, деп хабарлайды nofake.kz/.

Жалпыұлттық талқылауға ұсынылған Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар жобасында мемлекет атауын өзгерту туралы норма қарастырылмаған. Құжаттың 5-бабында «Қазақстан Республикасы» мен «Қазақстан» атауларының мәні бірдей екені нақты көрсетілген.

C1e67170 ad17 41ca bab7 c843b0a6539f
Cкрин Gov.kz

Айта кетейік, Жаңа Конституция жобасының толық мәтіні ресми түрде Егемен Қазақстан және Казахстанская правда газеттерінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты ресми сайтында жарияланып, бүкілхалықтық талқылауға шығарылған.

Оқу үшін