NoFake

Бектенов Конституцияға қатысты жалған ақпарат таратқандарды жауапқа тартуды тапсырды

Photo

Фото: polisia.kz

Премьер-министр Олжас Бектенов ІІМ өкілдеріне жаңа Конституция жобасына қатысты жалған және бұрмаланған ақпараттардың таралуына жол бергендерді жазалауды тапсырды, деп хабарлайды nofake.kz/.

«Жалған әрі бұрмаланған ақпараттармен күресуге баса назар аударылды. Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде шындыққа жанаспайтын арандатушылық сипаттағы жарияланымдар тіркелуде. Ішкі істер министрлігіне «Заң мен тәртіп» қағидатына сәйкес, жалған мәліметтерді таратқаны үшін қатаң құқықтық әрекет және жауапкершілікке тартуды қамтамасыз ету тапсырамын», — деді Бектенов ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыру бойынша кеңес отырысында.

Үйлестіру Премьер-министрдің орынбасары – мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваға жүктелді.

Айта кетейік, жоба талқылауға шыққалы әлеуметтік желілерде түрлі жалған ақпараттар тарап жатыр. Онда ел атауына, халықаралық шарттар мен елдегі саяси құрылымға қатысты фейктер жазылды.

Оқу үшін