NoFake

Референдумнан кейін жаңа Конституция қашан күшіне енеді

Фото: Gov.kz

Референдумда қабылданған жағдайда жаңа Конституция 2026 жылғы 1 шілдеден бастап күшіне енеді. Бұл туралы жаңа Конституция жобасында жазылған, деп хабарлайды NoFake.kz.

«Республикалық референдумда қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеден бастап күшіне енеді, бұған дейін қабылданған Қазақстан Республикасы Конституциясының қолданысы сол мезгілден бастап тоқтатылады»,-делінген құжатта.

Сондай-ақ құжатта Конституция қабылданған күн мемлекеттік мереке болып жариялануы мүмкін екені көрсетілген.

«Республикалық референдумда Конституция қабылданған күн мемлекеттік мереке – Қазақстан Республикасының Конституциясы күні деп жарияланады», — деп жазылған,

Референдум өтетін күн

11 ақпанда Конституциялық комиссия мүшелері Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа елдің жаңа Конституциясы жобасы бойынша атқарылған жұмыстың қорытындысын таныстырды. Одан кейін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Конституциялық реформа бойынша референдум өткізу туралы жарлыққа қол қойды.

Жарлық мәтініне сәйкес, Қазақстанда Конституциялық реформа жөніндегі референдум 15 наурызда, жексенбі күні өтеді.

Айта кетейік, Референдум – азаматтардың ең маңызды мемлекеттік, өңірлік немесе жергілікті мәселелер бойынша тікелей ерік білдіру нысаны. Референдум арқылы заңдар қабылданады, Конституцияға өзгерістер енгізіледі немесе маңызды саяси шешімдер қаралады. Әдетте референдумда қабылданған шешімдердің күші міндетті болады.

Оқу үшін