NoFake

Көкшетаудағы оқу орындарына шабуыл туралы ақпарат – жалған

2cc29f41b07e2d19a3a19c8438553774 XL

Фото: Gov.kz

Әлеуметтік желілерде Көкшетау қаласындағы оқу орындарына шабуыл жасалды деген хабардың таралуына байланысты полиция қызметкерлері тексеру жүргізіп жатыр, деп хабарлайды nofake.kz/.

«Бастапқы іс-шаралар барысында бұл фактілер расталмады. Таратылған ақпарат жалған және шындыққа жанаспайды. Қазіргі уақытта қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылданды.Сонымен бірге хабарлама авторларын анықтау бойынша шаралар кешені жүргізілуде. Жағдай полиция департаменті басшылығының бақылауында», — делінген ресми хабарламада.

Полиция азаматтардан тыныштықты сақтауды және тек ресми ақпарат көздеріне сенуді сұрайды.

Айта кетейік, бұған дейін Алматы және Шымкент мектептеріне шабуыл туралы жалған ақпарат тараған болатын.

Оқу үшін