NoFake

Көкшетау тұрғыны дропперлік ісі бойынша күдікті атанды

Фото: depositphotos

Ақмола облысында банктік шотқа заңсыз қол жеткізіп, оны алаяқтық әрекеттерге пайдалануға қатысты қылмыстық іс тергеліп жатыр, деп хабарлайды NoFake.kz.

Іс бойынша 25 жастағы Көкшетау қаласының тұрғыны күдікті ретінде танылды.

«Қызға «қосымша табыс» туралы ұсыныс Telegram мессенджері арқылы келген. Белгісіз қолданушы оған оңай ақша табудың «қарапайым схемасын» ұсынған: оның банктік картасына ақша түсіп отырады, ал ол қаражатты дереу басқа шоттарға аударып жіберуі тиіс. Әрбір транзакция үшін белгілі бір пайыз уәде етілген. Күдікті мұндай қызметтің алаяқтық әрекеттермен байланысты болуы мүмкін екенін түсінгенімен, жылдам табыс табуды көздеп, ұсынысқа келіскен»,-делінген ресми хабарламада.

Көп ұзамай оның банктік шоты да, иесі де құқық қорғау органдарының назарына ілігіп, осы факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Оқу үшін