NoFake

Кірістер комитеті «зейнетақы жарнасын төлемегендердің шоттары бұғатталады» деген ақпаратты жоққа шығарды

Depositphotos 601318724 L

Фото: Depositphotos

Әлеуметтік желілерде келесі жылдан бастап міндетті зейнетақы жарналарын төлемегені үшін барлық қазақстандықтардың банктік шоттары бұғатталатыны туралы ақпарат қызу талқыланып жатыр. Алайда Мемлекеттік кірістер комитеті бұл мәлімдеменің шындыққа жанаспайтынын ресми түрде мәлімдеді, деп хабарлайды nofake.kz/.

Com
Скриндегі пікірлер: әлеуметтік желіден

Комитеттің түсіндіруінше, кәсіпкерлердің шоттарын зейнетақы жарналары бойынша қарыз болған жағдайда бұғаттау механизмі қазірдің өзінде қолданыста бар. Ал 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап бұл талап керісінше жұмсартылады.

«Ақпаратты сайттарда дұрыс бермеген. Бәрінің шотын бұғаттайды деген жалған. Бұл норма нақты жұмыс берушілер мен кәсіпкерлерге ғана қатысты, барлық азаматқа емес. Мұндай талап бұрыннан бар. Қазір біз қарыз көлеміне қарамастан, тіпті 1 теңге болса да шоттарды бұғаттаймыз. Мұндайда кәсіпкердің бүкіл қызметі тоқтап қалады. Ал жаңа жылдан бастап біз бұғаттауды тек 6 АЕК-тен (25 950 теңге) асатын берешек болғанда ғана жасаймыз. Сондай-ақ бұғаттау тек қарыз мөлшерінде ғана жүргізіледі», — деді Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Қарызбен жұмыс басқармасының басшысы Қайсар Арын.

Оқу үшін