NoFake

Kinopark – Kinoplexx кинотеатр желілерінде бірнеше заңбұзушылық анықталды

Фото:Gov.kz

Алматы қаласы бойынша департаменті Kinopark – Kinoplexx Theatres кинотеатрлар желісінің қызметіне жүргізілген талдау нәтижесінде үстем жағдайды теріс пайдалану белгілерін анықтады, деп хабарлайды NoFake.

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментінің мәліметінше, кинотеатрлар желісі отандық киноөндірушілерге фильмдерді прокатқа шығару үшін міндетті түрде жарнама бюджетiн төлеу талабын қойған. Ал бұл төлем жасалмаған жағдайда фильмдер көрсетілімге жіберіледі.

«Мұндай талаптар бәсекелестікті шектеп, нарық қатысушыларының заңды құқықтарын бұзған және отандық фильмдердің кинопрокат нарығына кіруіне кедергі келтірген.Осыған байланысты Kinopark – Kinoplexx Theatres компаниясына бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнаманы бұзу белгілері туралы ресми хабарлама жолданған»,- деп хабарлады агенттік ресми сайтында.

Агенттік дерегіне сәйкес, хабарламаны қарау нәтижесінде анықталған бұзушылықтар жойылды. Атап айтқанда, фильмдерді прокатқа шығару үшін талап етілген міндетті жарнамалық шығындар мен «кіру төлемдері» тәжірибесі тоқтатылды.

Агенттік өкілдерінің айтуынша, қазіргі уақытта фильмдерді релиздер кестесіне енгізу, сеанстар уақытын өзгерту, прокат мерзімін белгілеу және көрсетілімнен алу тәртібін реттейтін бірыңғай, ашық әрі кемсітусіз жария регламент әзірленіп жатыр.

Ведомство қабылданған шаралар кинопрокат нарығындағы барлық қатысушылар үшін тең жағдай қалыптастырып, рәсімдердің ашықтығын арттыруға және отандық киноиндустрияның дамуына қолайлы орта құруға бағытталғанын атап өтті.

Оқу үшін