NoFake

Киберқауіптің үштігіне фейк, дипфейктермен күрес кіреді — TSARKA басшысы

Olzhas satiev

Фото: digitalbusiness.kz

Кибершабуылдарды талдау және зерттеу орталығының (TSARKA) басшысы Олжас Сәтиев адамзатқа фейк, дипфейктерден төніп тұрған қауіп туралы айтты, деп хабарлайды nofake.kz/.

Бұл туралы ол «Бизнестің кибер-иммунитеті: тұрақтылық және сезімталдық стратегиялары» атты конференцияда мәлімдеді.

«Киберқауіптің үштігіне фейк, дипфейктермен күрес кіреді. Себебі, жыл емес, ай сайын видео, дауысты ЖИ арқылы генерациялау жақсарып келеді. Өкініштісі, олармен күресудің нақты құралы жоқ. Видео, аудиоға сараптама жасайтын құрал пайда болғанымен, олар қарапайым адамдарға қолжетімді емес. Егер адам осы саладан бейхабар болса, ол жалған видеоны ажыраты алмайды. Адамдарға ол үшін сыни ойлау қажет. Сондықтан біз ақырындап: «Мына видеода тұрған сенсің бе?» дегенге келе жатырмыз. Себебі, сіз түгіл, сіздің дауысыңызды жасап алатындар көбейген. Оған қоса біз өзіміз желіге видео, суреттерімізді жүктейміз ғой. Осы суреттер мен видеолардың бәрі алаяқтарға сіз туралы генерацияланған видео жасауға жеткілікті болады. Сондықтан бұл жалғыз біз емес, бүкіл адамзат бетпе-бет келіп отырған мәселе», — деп түсіндірді ол.

Айта кетейік, бұған дейін Мaqsut Narikbayev University Жоғары құқық мектебінің профессоры Дана Өтеген бұған дейін биометриялық аутентификацияның өзі жеке деректерді қорғауда осал болуы мүмкін екенін мәлімдеген еді.

Оқу үшін