NoFake

Жаңа кибералаяқтық – алданғанды тағы арбау

Қазір әлемде «алданғанды тағы арбау» деп аталатын жаңа схема белең алып келеді.  «Мемлекеттік техникалық қызмет» орталығы сарапшыларының айтуынша, мұндай жағдайлар Қазақстанда да кездеседі, деп хабарлайды nofake.kz/.

Бұл не?

Алаяқтар бұрын кибершабуылдың құрбаны болған адамдарды нысанаға алады. Яғни, олар өз есепшотынан айырылған, жеке дерегі ұрланған немесе ақша жоғалтқан адамдарды қайта алдап, тағы да зиян келтіреді.

Мұндай сәтте адам күйзеліске түсіп, көмек іздейді. Сол сәтті пайдаланып, қылмыскерлер:

Салдарынан кәсіпкер қайта алданады – ақша, жеке мәлімет, тіпті, мүлігінен айырылып қалуы мүмкін. Мұндай жағдайлар Қазақстанда да тіркеліп отыр. Алаяқтар көбіне әлеуметтік желідегі жарнамалар арқылы әрекет етеді.

Қалай сақтануға болады:

Антифрод-орталық пен мемлекеттік органдар азаматтарды осылай қайта алдауға кіріскен алаяқтар туралы хабардар етіп, алдын алу шараларын күшейтуді ұсынады.

Оқу үшін