NoFake

Халық кеңесіне кімдер кіреді: Президент түсіндірді

President

Фото: Akorda

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтай барысында Халық кеңесінің құрылатынын мәлімдеді, деп хабарлайды nofake.kz/.

Ол Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ұлттық құрылтайды біріктіреді.

«Оған 42 этномәдени орталықтың мүшесі, 42 мәслихат және 42 қоғамдық ұйым мүшелері енеді. Барлығы 126 адам. Кеңес жылына бір рет бас қосады», — деді Мемлекет басшысы.

Сондай-ақ, мемлекет басшысы Халық Кеңесіне заң шығару бастамасы құқығын беру ұсынылғанын айтты. Бұл оның мәртебесін едәуір күшейтеді.

«Жаңа органға Қазақстан халқы Ассамблеясының этносаралық және конфессияаралық келісімге қатысты базалық функциялары берілмек. Сонымен бірге Халық Кеңесі ішкі саясатты жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеп, мемлекеттік идеология, Конституция және маңызды құжаттарды түсіндіру жұмыстарымен айналысады. Сондай-ақ Кеңеске Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съезін және өзге де мемлекеттік маңызы бар гуманитарлық форумдарды өткізу міндеті жүктеледі», — деді мемлекет басшысы.

Айта кетейік, бүгін Қызылордада президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Ұлттық құрылтай бесінші рет өтіп жатыр. Құрылтай барысында «Әділ сөз» қорының басшысы Мемлекет басшысынан медисауаттылықты арттыру үшін БАҚ-қа қолдау сұрады. Сондай-ақ, Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайда елімізде неке институтын ер мен әйелдің ерікті одағы ретінде заңнамалық тұрғыда бекіту қажеттігін мәлімдеді. Салық кодексіне қатысты да тапсырмалар берілді.

Оқу үшін