Хакерлер Spotify фонотекасынан 86 млн аудиофайл ұрлады

Фото: freepik.com
Хакерлер Spotify-дың фонотекасын бұзып, аудиофайлдардың бір бөлігіне қол жеткізген, деп хабарлайды nofake.kz/.
Billboard басылымы компанияның өзіне сілтеме жасап, қазір тергеу жүргізіліп жатқанын хабарлады.
«Рұқсатсыз қол жеткізу фактісін тергеу барысында үшінші тараптың ашық қолжетімді метадеректерді жинап, DRM қорғанысын айналып өтудің заңсыз тәсілдерін пайдалану арқылы платформаның кейбір аудиофайлдарына қол жеткізгені анықталды», — делінген Spotify мәлімдемесінде.
Пираттық әрекет Spotify платформасындағы метадеректер арқылы жасалған. Яғни, ашық бастапқы кодқа негізделген Anna’s Archive іздеу жүйесіне деректер жүктелген.
Spotify сайтына жарияланған ақпаратқа сәйкес, сервисте 100 млн-нан астам музыкалық трек, шамамен 7 млн подкаст және 350 мың аудиокітап бар. Платформаны әлем бойынша 713 млн-нан астам адам пайдаланады.


