KEGOC БҚО-да электр қуатына шектеу қойылғанын жоққа шығарды

Фото: АО «КЕGOC»
Батыс Қазақстанда электр энергиясын шектеу енгізілді деген хабарламалар шындыққа сәйкес келмейді, деп хабарлайды nofake.kz/.
«KEGOC» АҚ бірқатар бұқаралық ақпарат құралдарында тараған Атырау және Маңғыстау облыстарында электрмен жабдықтауға шектеу қойылды деген ақпаратқа түсінік берді. Компания бұл мәліметтердің жалған екенін мәлімдеді.
«2026 жылғы 23–24 қаңтарда өнеркәсіптік тұтынушылар мен халыққа қатысты шектеулер болған жоқ. Шектеу тек Батыс Қазақстан және Атырау облыстарындағы цифрлық майнингпен айналысатын жекелеген компанияларға ғана енгізілді», — делінген «KEGOC» АҚ хабарламасында.
Осылайша, қабылданған шаралар тек майнинг компанияларына қатысты болып, өңір тұрғындары мен өнеркәсіптік кәсіпорындардың электрмен жабдықталуына әсер етпеген.


