NoFake

Канадада оқушыларға мектепте ет жеуге тыйым салынды – дәлел жоқ

depositphotos.com

Интернетте Канададағы мемлекеттік мектептерде балалар жейтін етке қатаң шектеу қойылды деген ақпарат тарады. Бірақ оны растайтын дәлел жоқ. Бұл туралы AFP агенттігі жазды деп хабарлайды, nofake.kz/

Мұндай пікірге түрткі болған TikTok-та жарияланған видео. Онда ата-аналарға Альберта провинциясында осындай жағдай «болды деп елестетуді» ұсынған. Алайда Калгари білім кеңесі мен Эдмонтон мемлекеттік мектептері AFP агенттігіне мұндай ереже жоқ екенін растаған.

14 қазан 2025 жылы Instagram-да жарияланған жазбада былай делінген:

«Канадалық азамат баланың түскі асына шошқа етін салуға болмайды деген хабарлама алғанын айтты, себебі бұл кейбір баланың діни сеніміне қайшы келеді». 

Жазбаға қоса салынған видеода ер адам баласымен отырып:

«Балаңыздың мұғалімінен “түскі асқа шошқа етін салмаңыз, себебі кей балалар бұны қорлау деп қабылдау мүмкін” деген хат алдыңыз деп елестетіңіз», — дейді.

Сосын ол:

«Бұл — мектеп, босқындар лагері емес», — деп қосады.

Шын мәнінде, мұсыл және иудей діндерінде шошқа етін жеуге болмайды, бірақ бұның басқа балалардың асына еш қатысы жоқ.  

Видеода ер адам Канададағы нақты қай аймақ туралы айтып отырғанын айтпағанымен, бастапқы TikTok жазбасында «Альберта» және «CBE» (Calgary Board of Education – Калгари білім кеңесі) хэштегтері қолданылған.
Instagram жазбасы болса, Торонто маңындағы өңірге қатысты.

Калгари білім кеңесінің өкілі AFP агенттігіне 15 қазанда жіберген хатында:

«Альбертаның ең ірі мектеп округі ата-аналардың балаларға дайындайтын ас мәзіріне шектеу қоймайды», — деп мәлімдеді.

Сол сияқты, Эдмонтон мемлекеттік мектептерінің өкілі Ким Смит:

«Біздің округте қандай етті беруге немесе жеуге болатыны туралы ешқандай саясат не ереже жоқ», — деді.

Альберта провинциясының Балалар мен жастарға арналған тамақтану жөніндегі нұсқаулығында да етті — соның ішінде шошқа етін — кейбір тағамдарда қолдануға болатыны нақты көрсетілген.

AFP агенттігі Онтарио провинциясындағы ең ірі мектептерді басқаратын Торонто мектеп кеңесіне де хабарласқан, бірақ жауап алмаған. Кеңес Canadian Press агенттігіне бұл туралы желідегі қауесеттен хабарсыз екенін жеткізген.

AFP сондай-ақ бастапқы видеоны жариялаған TikTok аккаунтына да жүгінген, алайда жауап болмаған. Қазір ол аккаунт өшірілген сияқты.

Оқу үшін