Ірі қара малды тәркілеп жойып жатқан видеоның Қазақстанға қатысы жоқ — АШМ

Иллюстрация: NoFake.kz
Әлеуметтік желілерде ірі қара малды тәркілеу мен жою туралы таралған бейнематериалдардың Қазақстанға қатысы жоқ. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы ресми видео мәлімдеме жариялады, деп хабарлайды NoFake.kz.
«Ел аумағында ауыл шаруашылығы жануарларын тәркілеу немесе мәжбүрлі түрде жоюға қатысты кез келген іс-шаралар қолданыстағы заңнаманы қатаң сақтай отырып — тиісті аумақтың бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының шешімі негізінде және жергілікті атқарушы органдардың міндетті түрде шектеу шараларын енгізуімен жүргізіледі. Мұндай іс-шаралар туындаған жағдайда тек республикалық эпизоотияға қарсы отряд тарапынан жүзеге асырылады»,- деді Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетінің төрағасы Қазбек Ташимов.
Министрлік мәліметінше, қазіргі уақытта Қазақстанда шектеу шараларын енгізу туралы шешімдер, сондай-ақ ауыл шаруашылығы жануарларын тәркілеу және жою жөнінде нұсқамалар қабылданған жоқ.


