NoFake

Интернеттегі ақпараттың шынайылығын қалай тексереміз

Desk with laptop fake news

Фото: freepik.com

Интернеттегі ақпараттың шынайылығын бірнеше тәсіл арқылы тексеруге болады. nofake.kz/ солардың маңыздыларына тоқталды.

Алғашқы дереккөз

Желідегі кез келген ақпаратқа сенбестен бұрын, алдымен жаңалықтың бастапқы дереккөзін табуға тырысыңыз. Егер ақпарат ресми, әрі, беделді дереккөзде жарияланса онда бұл жаңалық шынайы деп сеніңіз.

Мәтіндегі қателер

Ақпараттың әр бөлігін, сөйлемдерді мұқият тексеріңіз. Адам есімдерінде, күнде немесе географиялық атауларда қателер болса, ол материалдың сенімсіз екенін көрсетеді.

Автордың жазу стилі

Мәтіннің жазылу стиліне назар аударыңыз. Бұл ретте жалған ақпараттың негізгі белгілеріне тақырыпты әсірелеп беру, эмоцияға толы тақырып, ойланбай шешім қабылдауға немесе хабарламаны жаппай таратуға шақыру сипаты жатады.

Авторлық ұстаным

Фактілерді автордың жеке пікірі мен ұстанымынан ажыратыңыз. Егер мәтіндегі жалғыз дәлел — автордың көзқарасы болса, мұндай материалды міндетті түрде тексеру қажет.

Мәтіндегі акценттер

Дереккөздің жалпы берілу стиліне мән беріңіз. Автор жалған ақпарат таратпаған күннің өзінде, мәтінде акцентті белгілі бір бағытқа бағыттауы мүмкін. Бұл оқырманның пікіріне әсер етіп, шынайы ақпараттан адастырады.

Сайттардағы жарияланымдар

Жаңалықты іздеу жүйесі арқылы тексеріп көріңіз. Егер мәтін немесе фото сенім тудырмайтын сайттарда қайталанып жарияланса, бұл да фейктің белгісі болуы мүмкін.

Тарату арнасы

Хабарлама таратып отырған аккаунтты тексеріңіз. Егер профиль жақында ғана ашылған болса және бұрын аудиторияны арандату немесе әрекетке шақырумен айналысқан болса, ол бот болуы ықтимал. Мұндай аккаунттар көбіне фейк тарату үшін қолданылады.

Фото және бейне дәлелдер

Ақпараттың шынайылығы фото, видео немесе аудио арқылы «дәлелденетін» жаңалықтарға бірден сенбеңіз. Олар дипфейк — яғни жасанды интеллект көмегімен жасалған материалдар болуы мүмкін.

Оқу үшін