ҚР ІІМ: Алаяқтар жиі қолданатын 10 айла

Depositphotos
Ішкі істер министрлігі алаяқтар қолданатын 10 айланы жариялады. Полицейлердің айтуынша, олар көбіне өзін банк, құқық қорғау органдары немесе байланыс операторының қызметкері ретінде таныстырып, сенімге кіруге тырысады.
Алаяқтар мына сөздерді жаттап алған:
- «Бар ақшадан айырылып қалмау үшін басқа шотқа аудару керек»
- «Мен – полиция қызметкерімін, тұтқаны қоймаңыз»
- «Бұл – құпия операция, ешкімге айтпаңыз»
- «Құпия сөзді өзгертуге өтінім түсті»
- «Сізге SMS-код келеді, айтып жіберіңіз»
- «Депозитті қауіпсіз шотқа аудару керек»
- «Сіз туралы мәліметтерді тексеру қажет, банк картаңыз бар ма?»
- «Туысыңыз қиналып тұр, шұғыл ақша керек»
- «Сіз ұтыс/өтемақы алдыңыз, бірақ алдымен салық төлеңіз»
- «Шотыңыздан біреу ақша шешіп жатыр, операцияны тоқтату үшін кодты айтыңыз».
Алаяқтардың мақсаты — банктік шотқа кіру, бар қаржыңызды жалған «қауіпсіз» шотқа аударту, телефоныңызды қашықтан басқару (TeamViewer, AnyDesk т.б. арқылы). Сондықтан, елімізді Ішкі істер министрлігі ешкімге SMS-код, карта деректерін — PIN, CVV айтпауға, телефон арқылы ақша аудармауға, күмәнді қоңырауды дереу тоқтатып, 102-ге хабарлауға кеңес береді.


