Француз ғалымы Астанадағы климаттық өзгерістердің себебін түсіндірді

Коллаж: Nofake.kz
Соңғы жылдары Астанада қыстың жылы өтуі, күн райының күрт бұзылуы мен жаһандық жылу проблемаларын француз ғалымы доктор Давиде Фаранда Nofake.kz-ке берген экслюзивті сұхбатында түсіндірді.
Доктор Давиде Фаранда — Франция Ұлттық ғылыми зерттеулер орталығы (CNRS) жанындағы Пьер-Симон Лаплас институтының Климат және қоршаған орта ғылымдары зертханасында (LSCE) климат физикасы бойынша зерттеулер директоры. Ол — суық циклон толқындары, аптап ыстық циклондары, күшті найзағай сияқты экстремалды ауа райы құбылыстарының маманы. Сонымен қатар London Mathematical Laboratory зертханасының және Париждегі Жоғары қалыпты мектептің динамикалық метеорология зертханасының сыртқы ғылыми қызметкері. Ғалым сұхбатта Орта Азия, оның ішінде Қазақстанда күннің соңғы жылдары жылыну себептерін, әсіресе қыстың күрт жылуын түсіндірді.


