NoFake

Дәріханаларда дәрі тапшы: «Флувир», «Флукап» препараттары жақын күндері жеткізіледі — ҚР ДСМ

Аптека

Фото: nofake.kz/

Елімізде маусымдық ЖРВИ мен тұмаудың өршуіне байланысты «дәріханаларда кейбір препараттар таусылып жатыр» деген ақпаратқа қатысты Денсаулық сақтау министрлігі түсініктеме берді, деп хабарлайды nofake.kz/.

«Бөлшек саудадағы дәрілік препараттарды қатаң бақылауға алдық. Кеше Астана бойынша ірі дәріхана желілерінің басшыларымен кездесу өткіздік. Ыстық түсіретін, нестероидты және қабынуға қарсы препараттар бойынша екі айға жететін қор бар.  Мәселе тек кейбір вирусқа қарсы препараттарда болып тұр. Оның ішінде «флувир» және «флукап» препараттары, оның халықаралық атауы – осельтамивир. Осы екі препарат бойынша сұраныс артқан. Кейбір дәріханаларда бұл препарат таусылған. Сондықтан жақын арада бұл препараттар жеткізіледі деп күтіліп отыр. Бүгін, ертең «Zerde» дәріханасына шамамен 400 дана флукап пен 200 дана «флувир», сол сияқты «Медвервис плюс» сияқты ірі дәріханаларға осы дәрілер жеткізіледі. Қазір қалада бұл препараттар бар болуы тиіс. Жалпы Астана қаласы бойынша жақын арада осы препараттардың 3000 данасы жеткізіледі», — деді ведомство басшысы. 

Астана қаласының тұрғыны Қарлығаш Хауасбаева екі баласының тұмаумен ауырғанын, оны емдеу үшін құрамында «осельтамивир» бар препаратты қаладағы дәріханалардан таппағанын айтады. 

«Екі балам тұмаумен ауырып, дене қызуы 40 градустан түспей қойды. Дәрігер құрамында осельтамивир бар дәрілерді жазып берді. Бірақ қаладағы дәріханаларда ол жоқ. Болса да бағасы у-дай, екі- үш есеге қымбат сатып жатыр. Шарлап 10-ға жуық дәріхананы араладық. Біреуінде: «Сіздің алдыңызда бір адам 10 данасын алып кетті» деп айтты. Демек , бұл алып-сатарлардың жұмысы. Бағаны қолдан өсіріп, баласын емдеуге барын салатын аналардың есебінен пайда көруде. Осы ретте құзырлы органдарды тексеру жүргізуге шақырамыз», — дейді елорда тұрғыны.

Құрамында «осельтамивир» бар «флукап» және «флувир» препараттарын іздеушілердің қарасы қалың. 

Комм ты

Тіпті кейбір дәріхана жұрт жаппай іздеп жүрген вирусқа қарсы препараттар жоқ деп жазып қойған. 

Аптека

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің төрағасы Бауыржан Жүсіпов вирусқа қарсы препараттарға қатысты жағдайды түсіндіргеннен кейін, ол қалалардағы дәріханаларда «аспирин таусылды» «деген ақпаратты жоққа шығарды. 

«Нақты ақпарат жоқ. Бірақ аспириннің парацетамол сияқты қабынуға қарсы, нестероидты аналогтары өте көп. Олардың қоры жеткілікті», — деп түсіндірді ол. 

Оқу үшін