NoFake

Фармацевтика саласындағы миллиардтаған жемқорлық схемасы әшкереленді

Screenshot

Фото: Яндекс

Фармацевтика саласында ұйымдастырылған қылмыстық схема нәтижесінде мемлекетке 4,5 млрд теңге көлемінде залал келтірілді, деп хабарлайды nofake.kz/.

Ұлттық қауіпсіздік комитеті отандық өндірісті жалған көрсету арқылы бюджет қаражатын заңсыз игерген тұлғаларды анықтады. Жүргізілген іс-шаралар нәтижесінде медициналық бұйымдарды отандық өндіруді жалған көрсетуге негізделген ауқымды қылмыстық схема әшкереленді.

«Тергеу деректеріне сәйкес, «OrdaMed» АҚ басшылығы Қазақстан аумағында өз өндірісінің бар екені туралы жалған құжаттарды пайдаланып, халықтың әл-ауқаты мен денсаулығын қамтамасыз ету үшін аса қажет 28 атаудағы медициналық жабдықты мемлекеттік емдеу мекемелеріне жеңілдетілген шарттармен жеткізу бойынша заңсыз преференциялар алған. Алайда, іс жүзінде аталған медициналық жабдықтар толықтай шетелден дайын күйінде жеткізілген. Соның салдарынан мемлекетке келтірілген залал көлемі 4,5 млрд теңгені құраған»,-делінген ресми хабарламада.

Аталған факті бойынша күдіктілер қамауға алынды.

«Тінту шаралары барысында «OrdaMed» АҚ басшылығынан құны 1 млрд теңгеден асатын инвестициялық монеталар тәркіленді. Сонымен қатар «Interdentica», «Erkin Brand» және «OrdaMed» компанияларындағы қатысу үлестеріне тыйым салынды. Сот санкциясымен «OrdaMed» АҚ-ның техникалық директоры, бұрынғы басқарма төрағасы және өндірістік басқарма басшысы қамауға алынды. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде»,- деді ҰҚК баспасөз қызметі.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Оқу үшін