Әлеуметтік желідегі күмәнді ақпараттар мен жаңалықтарды қалай тексереміз

Фото: iStockphoto
Фактчекинг (ағылшын тілінен fact-checking) — бұл ақпаратты тексеру әдісі. Әлеуметтік желіде күмәнді фактілер мен жаңалықтар жиі кездеседі. Ал шындық пен жалғанды кез келгеніміз бірден ажырата алмаймыз. Сондықтан қазір фактчекингтің түрлі әдісін меңгеру өте маңызды. nofake.kz/ Globalfacktchecking.com-ға сүйеніп, ақпаратты тексеру тәсілдерін ұсынады.
Мәтіннің мазмұнын толық оқыңыз
Алдымен материалды толық оқып шығыңыз. Өйткені мәтіннің тақырыбы айқайлап тұрады және арандатушы белгілер кездеседі, бірақ мақаланың немесе жаңалықтың мазмұнымен ешқандай байланысы болмауы мүмкін (бұл — кликбейт).
Авторын тексеріңіз
Жарияланымның сарапшысы немесе авторы туралы ақпаратты іздеңіз. Себебі адамдар сенімсіз дереккөз арқылы келген ақпаратты жиі бөліседі. Егер ақпарат әлеуметтік желілерде жарияланса, автордың аккаунтын тексеріңіз. Бұл бот немесе бұзылған профиль болуы мүмкін. Анонимді дереккөздер де күмән тудырады.
Дереккөзге мән беріңіз

Бастапқы дереккөзді табуға тырысыңыз. Егер бұл шетелдік ресурстағы материалдың аудармасы болса, түпнұсқаны іздеңіз. Мәтін дұрыс интерпретацияланбаған немесе жай ғана дұрыс аударылмауы мүмкін. Тіпті әзіл үшін ойдан шығарылған да болуы ғажап емес. Өйткені жалған хабарламалар кейде әзіл болып шығады.
Ақпаратты бірнеше дереккөзден тексеріңіз
Егер сенсациялық жаңалық бір немесе екі күмәнді арнада жарияланса, деректерді қайта тексерген дұрыс.
Фактілерге назар аударыңыз
Іздеу жүйесінде есім, лауазым, күн, компания атаулары және географиялық нысан, байланыс ақпараты дұрыс көрсетілгенін тексеріңіз.
Терминдерді түсінуге тырысыңыз

Егер мәтінде белгісіз немесе түсініксіз анықтамалар кездессе, олардың мағынасын анықтаңыз.
Жалған фотосуреттер мен суреттер
Кескіндер жасанды интеллектпен жасалған, графикалық редакторда өзгертілген немесе мүлдем контекстке қатысы жоқ болуы да мүмкін. Оларды тексеру үшін арнайы қызметтерді және суреттер арқылы іздеуді пайдалануға болады.
Материалда қателер болуы мүмкін
Мәтіндегі қателерге және тілдік конструкцияларға назар аударыңыз. Мысалы, «барлығына мәлім болғандай», «ІІМ-дегі танысынан алынған ақпарат» деген сөз тіркестері.
Ресурстың электрондық мекенжайы
Парақшаның веб сілтемесін тексеріңіз. Жалған сайт пен түпнұсқаның арасында символдық айырмашылық болуы мүмкін.
Пікірлерге мән беріңіз

Пост астындағы пікірлерді оқыңыз. Адамдар күмәнді, күдікті фактілерді байқап, ескерту жазуы мүмкін.
Күмәнді зерттеу рейтингтерге сенбеңіз
Рейтинг пен топтамалар қандай ақпаратқа сүйенген, соған назар аударыңыз. Бұл шынайы зерттеудің нәтижелері немесе автордың жеке пікірі ғана болуы ықтимал.
Материалға сыни көзқараспен қараңыз
Эмоционалды күйіңізді бақылаңыз және ақпаратты бейтарап бағалауға тырысыңыз. Сонымен қатар, түрлі ақпарат көзі қолданатын үлгілерден және стереотиптерден аулақ болу маңызды. Өйткені жорамалдарға, болжамдарға және негізсіз түсініктерге сүйенуге болмайды.


