NoFake

Эстонияда оливье салатына тыйым салынды деген ақпарат – жалған

Фото: freepik.com

Желіде «Эстонияда оливье салатын дайындауға тыйым салынды» деп тараған ақпарат жалған болып шықты, деп хабарлайды nofake.kz/.

Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде «Эстонияда оливье cалатын дайындауға тыйым салынды» деген ақпарат кеңінен тарады. Кейбір жазбаларда тіпті оны әзірлегендерге айыппұл салынады немесе жаза қарастырылады деген мәлімет айтылады. Алайда бұл ақпарат шындыққа жанаспайтыны анықталды.

Ақпарат қайдан шықты?

Тексеру барысында бұл «жаңалықтың» ресми дереккөздерге сүйенбейтіні анықталды. Эстония үкіметінің, парламентінің немесе уәкілетті мемлекеттік органдарының сайттарында салат оливьеге қатысты ешқандай тыйым, заң жобасы немесе ресми мәлімдеме жарияланбаған.

Бұл ақпарат алғаш рет әлеуметтік желілердегі әзіл, ирония немесе пародия форматындағы жазбаларда пайда болған. Кейіннен ол контекстен жұлынып, нақты жаңалық ретінде тарай бастаған.

Яғни, Эстонияда оливье салатына тыйым салынғаны туралы ақпарат жалған болып шықты. Себебі, ол туралы ресми құжаттар мен мәлімдемелер жоқ.

Айта кетейік, бұған дейін қырғыз блогері ел президенті Садыр Жапаровтың суретін ЖИ-мен жасап, онымен бірге суретке түскендей болып, жаңалық таратқаны үшін айыппұл төлеген еді.

Оқу үшін