NoFake

Еңбек министрлігі зейнетақы төлемдері қысқарады деген ақпаратты жоққа шығарды

Фото: Gov.kz

Әлеуметтік желілер мен бейнехостинг платформаларында зейнетақы төлемдерінен 20 пайыз ұстап қалу енгізіледі деген ақпарат тарады. Бұл мәлімет шындыққа жанаспайды, деп хабарлайды Nofake.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, белгісіз тұлғалар deepfake технологияларын пайдаланып, ынтымақты зейнетақы төлемдері қысқарады деген жалған бейнероликтер таратып жатыр.

«2026 жылғы 1 қаңтардан бастап базалық және ынтымақты зейнетақы мөлшері ҚР Ұлттық банкі айқындайтын инфляцияның болжамды деңгейіне сәйкес 10%-ға арттырылды. Сонымен қатар Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, 2023 жылдан бастап бес жыл ішінде ең төменгі базалық зейнетақы мөлшері кезең-кезеңімен ең төмен күнкөріс деңгейінің 70%-ына дейін, ал ең жоғары мөлшері 120%-ына дейін ұлғайтылып жатыр», — деп хабарлады министрлік.

Ведомство дерегінше, 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап базалық зейнетақының ең төменгі мөлшері 35 596 теңгені, ал ең жоғары мөлшері 60 005 теңгені құрайды.

Оқу үшін