NoFake

Министрлік «Светлый путь» бағдарламасына қатысты ескерту жасады

Crop 51 8 516x688 d1e4c82d122bf9fb9b274105386de943

Фото: Gov.kz

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде тараған «Светлый путь» бағдарламасы жөніндегі ақпараттың шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды nofake.kz/.

«Белгісіз адамдар deepfake технологиясын қолданып, әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі инфлюенсерлермен бірлесіп «Светлый путь» бағдарламасын іске қосты деген жалған мәлімет берілген бейнеролик жариялауда. Онда бұл бағдарлама азаматтарға пайда табуға және олардың әл-ауқатын жақсартуға мүмкіндік береді деп көрсетілген. Deepfake технологиясы жасанды интеллект көмегімен фото, аудио немесе бейнематериалда бір адамның бет-бейнесін екінші адамның түріне ауыстырып, синтетикалық контент жасауға мүмкіндік береді. Егер сіз осындай жағдайға тап болсаңыз, тексерілмеген дереккөздерден келген бейне және аудиожазбаларға сенбеуіңізді, оларды таратпауыңызды, сондай-ақ күмәнді сілтемелерге өтпеуіңізді сұраймыз», — делінген министрліктің ресми хабарламасында.

Бұл жолы белгілі продюсер Баян Алагөзова алаяқтардың құрбаны болды. Жалған ақпаратты сенімді етіп көрсету үшін олар продюсердің бейнесі мен дауысын қолданған. Алагөзова бұл жобаға қатысы жоқ екенін ресми түрде мәлімдеп, оқырмандарын сақ болуға шақырды. Министрлік жалған ақпарат тарату заң бойынша жазаланатынын еске салады.

Оқу үшін