NoFake

Енді қаржы пирамидасының белсенді қатысушылары да жазалануы мүмкін

Kz8 1785 2 mediumThumb

Фото: Aqorda

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қаржы пирамидаларына қатысатын белсенді адамдарға да құқықтық жауапкершілік енгізу қажеттігін айтты, деп хабарлайды nofake.kz/.

«Агенттік қаржы пирамидаларымен белсенді күрес жүргізіп жатыр. Тек былтырдың өзінде 140-тан астам қылмыстық іс тергеліп, жарты миллионнан аса адамның қаржысын тартпақшы болған 15 мың сайт пен 123 чат жабылды. Алайда қабылданып жатқан шаралар да, түсіндіру жұмыстары да жағдайды түбегейлі өзгерте алмай тұр. Әйтсе де оң үрдіс бар. Неге? Өйткені алаяқтар пирамиданы түрлі қаржы құралдары сияқты ұсынады. Ал азаматтар олардың арбауына түсіп, бар тапқан-таянғанынан айырылып қалып жатыр», — деді президент.

Жауапты ведомства тарапынан мұндай алаяқтарға қатысты қылмыстық жаза түрлері ұсынылса, Мемлекет басшысы қолдау көрсетілетінін алға тартты.

«Сондықтан қаржылық алаяқтыққа қарсы іс-қимылдың тиімді шараларын әзірлеп, проблеманың түп тамырын анықтаған жөн. Өз әрекетінің заңсыз екенін біле тұра, адамдарды түрлі алаяқтық схемаларға тартатын пирамида қатысушыларына құқықтық жауапкершілік енгізу мәселесін қарастыру қажет. Мұндай алаяқтарды немесе қымсынбай қылмысқа баратын жандарды түрмеге қамап, қылмыстық жазаға тарту керек. Егер Қаржылық мониторинг агенттігі, Үкімет осындай түзетулерді ұсынса, мен қолдаймын. Мәселені қарастырыңыздар. Осы тектес батыл шешімдер қабылдамасақ, ахуалдың оңала қоюы екіталай. «Баяғы жартас – сол жартас» күйінде қала береді, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Айта кетейік, бүгін Мемлекет басшысы Қаржылық мониторинг агенттігінде жиын өткізді.

Оқу үшін