NoFake

Дубай авиашоуында «үнді ұшағы май ағызды» деген ақпарат — жалған

G6C4m1kbMAEJN9j

Фото: @Dave_Gaur

Үндістан үкіметі әлеуметтік желілерде тараған LCA Tejas Mk1 жеңіл жойғыш ұшағының Дубай авиашоуында май ағызғаны туралы хабарламаларды жоққа шығарды. Бұл ақпаратты елдің Баспасөз ақпарат бюросының (PIB) фактчек бөлімі ресми түрде теріске шығарды, деп хабарлайды nofake.kz/.

Снимок экрана 2025 11 20
Скрин: PIB Fact Check

Ресми түсіндіруде айтылғандай, видеода көрсетілген жағдай техникалық ақау да, майдың ағуы да емес — бұл әдеттегі сұйықтықты шығару (drain) процесі. Мұндай рәсім ылғалды климаттық жағдайда стандартты түрде орындалады және ұшақтың жарамдылығына немесе қауіпсіздігіне ешқандай әсер етпейді.

Фактчек қызметі жалған видеороликтің мақсаты — Tejas Mk1 платформасының сенімділігіне күмән келтіру, оның беделін түсіру және көрерменді шатастыру болуы мүмкін екенін атап өтті. Ресми мәліметке сәйкес, авиашоу барысында ұшақ нормадан ауытқыған ешқандай техникалық мәселе тіркемеген.

Оқу үшін