NoFake

ДСМ дәрілер мен медициналық бұйымдарға қатысты ҚҚС қолдану тәртібін түсіндірді

Medications 257336

Фото: pixabay.com

ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті Салық кодексі шеңберінде дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар саласында ҚҚС қолдану тәртібін түсіндірді.

Комитет төрағасы Бауыржан Жүсіповтың айтуынша, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (ТМККК) және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) шеңберінде ұсынылатын медициналық қызметтер мен дәрілік препараттардың қосылған құн салығын төлеуден босату көзделген.

«Шаралар дәрілік заттардың 3 000-нан астам атауын қамтиды, оның ішінде, 1200-ден астам препарат орфандық және әлеуметтік мәні бар ауруларды емдеуге арналған және көрсетілген дәрілік заттар өткізу арнасына қарамастан, айналыстың барлық кезеңдерінде, оның ішінде көтерме және бөлшек саудада өткізуді қоса алғанда, ҚҚС-тан босатылады», — деді ведомство басшысы.

Сондай-ақ, орфандық және әлеуметтік мәні бар ауруларды емдеу, диагностикалау, алдын алу және оңалту бойынша медициналық қызметтерге ҚҚС салынбайтыны белгілі болды. Одан бөлек, комитет төрағасы ТМККК және МӘМС шеңберінде дәрілік заттарды өндіру үшін пайдаланылатын импортталатын фармацевтикалық субстанциялар ҚҚС-тан босатылатынын мәлімдеді.

Оқу үшін