NoFake

«Директорды 2 жылға тағайындау, БЖБ, ТЖБ жойыла ма»: министрлік түсіндірді

book with green board background

Әлеуметтік желіде мектеп директорлары енді тек 2 жылға тағайындалады және БЖБ мен ТЖБ-дан бас тартылады деген ақпарат тарады. Аталған ақпараттың қаншалықты рас екенін білу үшін Nofake.kz. Оқу-ағарту министрлігіне жүгінді.

Скрин әлеуметтік желіден

Министрлік мектеп директорларын тағайындау мерзімін 2 жылға дейін қысқарту туралы ұсыныс қарастырылып жатқанын, алайда нақты шешім қабылданбағанын мәлімдеді.

«Қазіргі таңда мектеп директорларын тағайындау мерзімін 2 жылға дейін өзгерту туралы ұсыныс әлі де қарастырылу үстінде. Нақты шешім қоғам өкілдері мен сарапшылардың пікірін,сондай-ақ жүргізілген талдау нәтижелерін жан-жақты зерделегеннен кейін қабылданатын болады. Бүгінгі таңда қолданыстағы заңнама талаптары өз күшінде екенін назарыңызға саламыз», — делінген хабарламада. 

Сонымен қатар ведомство бөлім бойынша жиынтық бағалау (БЖБ) және тоқсандық жиынтық бағалау (ТЖБ) жүйесінен бас тарту туралы ақпаратқа да түсініктеме беріп, бұл бағытта нақты шешім қабылданбағанын хабарлады.

«БЖБ және ТЖБ жүйесі бойынша, орта білім беру жүйесіндегі критериалды бағалау жүйесінен (БЖБ және ТЖБ) бас тарту туралы шешім қабылданған жоқ. Сонымен қатар, бұрынғы бағалау жүйесіне толықтай қайта оралу да жоспарда жоқ. Дегенмен, Министрлік білім алушылардың білімі мен дағдыларын бағалау форматтарын жетілдіру мәселесін үнемі назарда ұстайды және қажеттілік туындаған жағдайда тиісті өзгерістерді жүзеге асыратын болады», — делінген хабарламада.

Айта кетейік, бұған дейін ҚР Оқу-ағарту министрлігі еліміз бойынша жекеменшік мектептер жабылмайтынын хабарлаған еді.

Оқу үшін