Дипфейкті қалай анықтаймыз – маман кеңесі

Коллаж nofake.kz/
Жасанды интеллект (ЖИ) қарқынды дамыған қазіргі заманда ақпараттық қауіпсіздік ең өзекті мәселелердің біріне айналды. Әлеуметтік желілерде танымал адамдардың, саясаткерлердің, тіпті президенттердің де бет-бейнесі мен дауысын қолдана отырып жасалған жалған жарнамалар мен видеолар жиі тарайды.
Ақпараттық қауіпсіздік саласының маманы Қанат Ахатовтың айтуынша, жылдан-жылға дипфейкті бірден тану қиындап барады. Себебі жасанды интеллект мүмкіндігі күн санап жетіліп отыр. Дегенмен мұқият қараған адам әлі де жалғанды ажырата алады. Маман дипфейкті анықтаудың бірнеше тәсілін айтып берді.


