NoFake

Фейк үміткерлер жұмысқа кіріп жатыр: мамандар ЖИ қаупі туралы дабыл қақты

Фото: depositphotos

Жасанды интеллект технологиялары еңбек нарығына жаңа қауіптер алып келді. Соңғы уақытта дипфейк видео мен жалған резюмелер арқылы жұмысқа кіру жағдайлары көбейіп жатыр.

Fortune басылымның мәліметінше, алаяқтықтың жаңа түрі жұмысқа қабылдау процесіне тікелей әсер ете бастады. Енді күдіктілер тек құжаттарды қолдан жасап қана қоймай, онлайн сұхбат кезінде өзін басқа адам ретінде көрсете алады.

«Алаяқтар жасанды интеллект көмегімен тексеруден өтетін жалған тұлғалар жасай алады», – деп пікір білдірген мамандар.

Сарапшылардың айтуынша, мұндай технологиялар арқылы жасалған жалған кандидаттар жұмысқа қабылдау кезеңдерінен өтіп, компанияларға жұмысқа орналасуы мүмкін. Бұл әсіресе қашықтан жұмыс форматы кең тараған кезде өзекті бола түсті.

Басылым дерегінше, 2025 жылы тұтынушылар алаяқтықтан шамамен 12,5 млрд доллар жоғалтқан. Ал 2026 жылы мұндай қылмыстардың саны одан әрі өседі деген болжам бар. Сарапшылар мұны дипфейк пен ЖИ құралдарының қолжетімді әрі арзан бола түсуімен байланыстырады.

Мамандардың пікірінше, дәстүрлі тексеру әдістері мұндай қауіптерге толық төтеп бере алмайды. Сондықтан компаниялар кадр іріктеу жүйесін қайта қарауға мәжбүр болады.

Оқу үшін