«Депутаттардың сұрағы мен сөзі алдын ала дайындалады» — жалған

Фото: egemen.kz
Көпшілік экс-депутат Гаухар Танашеваның «Мәжіліс депутаттары сөйлейтін сөзін алдын ала сүзгіден өткізіп алады» деген пікірін қызу талқылап жатыр. Депутат Елнұр Бейсенбаев бұл мәлімдемені жоққа шығарды, деп хабарлайды nofake.kz/.
«Сүзгіден өткізу» дегенді қалай түсінесіз? Мысалы, мен өз сөзімді өзім жазамын. Регламентке сай, егер Мәжілісте сөз сөйлеп, баяндамаға қосылғыңыз келсе, алдын ала ескертуіңіз керек — сол кезде қосасыз. Айтар сөзіңіз толықтай өзіңіздің жеке жауапкершілігіңізде. Ал егер сіз «сұрақтарды алдын ала дайындап береді» дегенді айтып отырсаңыз, онда оған Үкімет жауап дайындайды екен деген түсінік бар. Бірақ, менің ойымша, бұл қисынсыз. Депутаттың ішінде жүрген сұрақты басқа біреу қалай дайындап береді?», — деді депутат.
Сонымен бірге ол «депутаттардың сұрағын Үкімет тексереді» деген ақпаратты да жоққа шығарды.
«Үкіметпен ешқандай байланыс жоқ. Біріншіден, Мәжілісте ешқандай сұрақ алдын ала дайындалмайды. Екіншіден, депутатқа, мысалы Ермұрат Бәпи, Бақытжан Базарбек және басқа да депутаттарға егер де оның өзінің ішіндегі сұрағы болса, оны кім дайындап бере алады? Логикаға сай келмейді. Тіпті дайындап бергеннің өзінде, дайындайтын адамның біліктілігі жете ме екен?», — деді ол.
Мәжілісте депутаттар мен Үкімет мүшелері азаматтардан келіп түскен өтініштерді мемлекеттік органдар қай деңгейде қарағанын және жалпы өңірлік мәселелерді шешу нәтиженін талқылады.


