NoFake

Дәрілер арзандады: ҚҚС дәрілік препараттар бағасына қалай әсер етті

Medications 257336

Фото: pixabay.com

Жаңа Салық Кодексінің әсерінен Қазақстанда дәрілік препараттар арзандап жатыр, деп хабарлайды nofake.kz/.

Әлеуметтік желіде қосылған құн салығының өзгеруіне байланысты азық-түлік пен дәрілік препараттардың бағаларының өсуі қызу талқыланып жатыр. Олардың кейбірі баға тұрақты, өспегенін айтса, енді бірі оның артқанын жазған. 

Комментарии
Коллаж: әлеуметтік желілерден

Айта кетерлігі, жаңа жылдан бастап қолданысқа енген Салық кодексіне сәйкес, Қазақстанда дәрі-дәрмек пен медициналық қызметтерге төмендетілген қосылған құн салығы (ред. ҚҚС) қарастырылған. Ол бойынша ҚҚС 2026 жылы — 5%-ды құраса, 2027 жыл ол — 10%-ды құрайды. Яғни, енді дәрілік препараттарды өндірушілер мен сатушылар бұрынғыдай барлық өнімге 12% емес, төмен салық төлейтін болады. Cалық кодексіндегі бұл өзгерістер дәрі бағаларына қалай әсер етті? nofake.kz/ зерттеп көрді. 

Алдымен Астанадағы ең ірі дәріханалар желілерінің біріне кіріп көрдік. Ондағы сатушы жаңа жылдан бастап дәрілік препараттар бағасына тікелей әсер ететін қосылған құн салығы расымен 5%-ға төмендегенін растады. 

Лекарство
Коллаж: nofake.kz/

«Иә, жаңа жылдан бастап бізде осындай бағалар. Әзірге дәрілік препараттар бағасы бірқалыпты, қымбаттаған да жоқ, арзандамады да. Қаңтардан бастап кейбір дәрілік препараттардың бағасы түсетінін естідік, бірақ бірден емес, біртіндеп түсуі керек», — деді дәріхана сатушысы. 

Ал, елордадағы келесі дәріханада «Аугментин» препаратының бағасы жаңа жылдың алғашқы күндері 3320 теңгені, кейін 3150 теңге болғанын, ал 15 қаңтарда баға тағы түскенін, яғни – бір қорабына 2300 теңгені құрағанына көз жеткіздік. Бұл былтырғы жылдағы бағамен салыстырғанда 1020 теңгеге арзан баға, демек аталған дәрілік препараттың бағасы бірден 30 пайызға түскен. 

Лекарство
Фото: nofake.kz/

Дәл осы дәріханада көпшілікке кеңінен танымал тағы бір препарат – «Кетановтың» да бағасы түскен. Бүгінде оның бағасы небәрі 465 теңгені құрап отыр. Дәріхана өкілі бұл былтырғы бағамен салыстырғанда әдеуір арзан баға екенін атап өтті. 

Лекарство
Фото: nofake.kz/

Сол сияқты Астанадағы тағы бір танымал дәріхана желілерінің өкілі дәрілік препараттар бағасының төмендегенін растады. 

«Мәселен, «Супрастин» препараты жаңа жылға дейін шамамен 1500-2000 теңгені құраса, оның қазіргі бағасы 1000 теңге шамасында. Сол сияқты «Сумамед» препараты былтыр 6000 теңге шамасында болса, осы айдан бастап оның бағасы 3000-4000 теңге шамасында», — деді дәріхана өкілі. 

Аталған дәріхана желісіндегі дәрі бағаларын «Iteka» қосымшасынан іздеп көрдік. Онда «Сумамед» препараты расымен 3890 теңге тұратынын, ал «Супрастин» бағасы 980 теңгені құрайтынын анықтадық. 

Лекарство
Фото: Iteka қосымшасынан 15.01.2025 жылы nofake.kz/ тілшісімен жасалды

Жаңа Салық кодексі медицина және дәрілік препараттар саласына не берді 

Бұрын барлық тауарлар мен қызметтерге, соның ішінде дәрілік препараттарға да ҚҚС 12% мөлшерлемеде болды. Жаңа жылдан бастап ол 5%-ға төмендеді. Яғни, бұл дәрі-дәрмек бағасының арзандауына әсер етті.

Әлеуметтік бағыттар ҚҚС-нан босатылды

Салық кодексіндегі жаңа ережелерге сәйкес, дәрілік заттарды сату және импорттау, тегін медициналық көмектің кепілдік берілген шеңбері аясында медициналық қызметтер, Үкімет бекітетін тізбе бойынша әлеуметтік маңызы бар ауруларды емдеу ҚҚС салығынан босатылады. Бұл кейбір дәрі-дәрмектер мен қызметтерге мүлдем салық есептелмейтінін, яғни төмендетілген мөлшерлемемен бірге, салықтан толық босатылатынын білдіреді. Сәйкесінше, дәрілік препараттардың бір бөлігі, әсіресе өмірлік маңызы бар дәрілер арзандап жатыр.

Оқу үшін