NoFake

Дүкендердегі ет құны әлеуметтік желіде айтылған бағадан арзан

nofake.kz/

Әлеуметтік желілерде азық-түлік бағасының қымбаттауы туралы пікірталастар қайта жанданды. Қолданушылар дүкен сөрелеріндегі бағалардың суреттерін жариялап, сиыр етінің бір келісі 6 900 теңгеге дейін, он жұмыртқа — 800 теңге, ал бір литр күнбағыс майы — 1000 теңге тұрады деп шағымдануда. Дегенмен, кейбір пікір білдірушілер бұл баға тым асыра айтылғанын, ет — 4 200-4600 теңге аралығында, сүт — 500 теңге, ал 200 грамм сары май — шамамен 1 000 теңге екенін алға тартады.

Шындық пен алыпқашпа әңгіменің ара-жігін ажырату үшін nofake.kz/ тілшіcі Астананың сол жағалауындағы бірнеше танымал сауда нүктелерін аралап шықты.

Атап айтқанда: «Sauran» жабық базары, «Magnum», «Galmart», «Anvar», «Small» желілік супермаркеттері мен «Бәйтерек» монументі маңындағы ет дүкендеріндегі тауар бағаларын сараптап шықты. Зерттеу үшін әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тізіміндегі алты негізгі өнім таңдалды: сиыр еті, тауық еті (сан, сирақ), жұмыртқа, сүт, күнбағыс майы және сары май.

Біз оқырманға бағаны өздері бағалауға мүмкіндік беру үшін бұл жолы түсініктемелерсіз тек нақты мәліметтерді ұсынамыз. 26 қыркүйектегі сауда орындарындағы баға төменде көрсетілген. Мәтін соңында — осы тауарлардың жыл басындағы бағаларымен ресми статистика бойынша салыстыру кестесі берілген.

Сиыр еті

«Galmart» (кесек ет): 7 700 тг

«Magnum»: 4 755 тг

«Smal»: 4 800 тг

«Sauran» базары: 4 200 тг

 «Берекет» ет дүкені: 3 900 тг

«Bizdin ет» дүкені: 5 900 тг

Тауық еті (сан):

 «Galmart»: 1 924 тг («Кус Вкус»)

«Magnum»: 2 109 тг («Курочка Ряба»)

«Small»: 1 845 тг («Кус Вкус»), 1 795 тг («Курочка Ряба»)

«Sauran» базары: 1 890 тг («Кус Вкус»), 1 705 тг («Курочка Ряба»), 1 700 тг (брендсіз)

Тауық еті (сирақ):

«Anvar»: 2 509 тг («Курочка Ряба»)

«Magnum»: 2 499 тг («Курочка Ряба»)

«Small»: 2 275 тг («Кус Вкус»), 2 435 тг («Курочка Ряба»)

«Sauran» базары: 2 350 тг («Кус Вкус»), 1 945 тг («Курочка Ряба»), 1 800 тг (брендсіз)

Жұмыртқа (С0 санатты):

«Anvar»: 726 тг («ҚазГер-Құс», премиум)

«Galmart»: 795 тг («ҚазГер-Құч», премиум)

«Magnum»: 795 тг («lo lo Эко», сұрыпталған)

«Small»: 731 тг («Курочка Ряба» отборное), 805 тг («КазГер-Кус» сұрыпталған)

«Sauran» базары: 850 тг («КазГер-Кус» премиум), 750 тг (Павлодар, сұрыпталған)

Күнбағыс майы (1 л):

«Anvar»: 947 тг («Шедевр»), 807 тг («Царь», РФ)

«Galmart»: 1 026 тг («Шедевр»), 992 тг («Маслозавод №1»)

«Magnum»: 781 тг («Маслозавод №1»)

«Small»: 947 тг («Шедевр»), 780 тг («Маслозавод №1»)

Сары май (килограмм):

«Anvar»: 4 900 тг («Гормолзавод», Көкшетау)

«Galmart»: 5 529 тг («Гормолзавод», Көкшетау)

«Magnum»: 5 175 тг (Садовое сүт зауыты)

«Small»: 5 115 тг («Гормолзавод», Көкшетау)

«Sauran» базары: 4 500 тг (Булаевское)

Сүт (3,2%):

«Anvar»: 481 тг («Зенченко», 0.9 л), 462 тг («Родина», 1 л)

«Galmart»: 520 тг («Родина», 1 л)

«Magnum»: 485 тг / 420 тг

«Small»: 510 тг

Айта кету керек, қазіргі уақытта «Зенченко и К» компаниясы сүтті литрмен емес, 0,9 литрлік қаптамада шығарып жатыр. Бұл құбылыс «шринкфляция» немесе «даунсайзинг» деп аталады. Яғни, көлем азайып, баға өзгеріссіз қалуы.

«Galmart» дүкенінде сатылатын сиыр етінің сүбелі кесек ет бөлігі мен «Sauran» базарындағы балғын әрі сапалы ет ерекше көзге түсті. Дегенмен, дүкенде көбінесе бифштекске арналған ұсақ кесектер ұсынылған.

Сондай-ақ, «Galmart»-тағы элиталы жұмыртқаларды айналып өту мүмкін емес. Олар шынымен де алтын секілді — әрі бағасы да, қаптамасы да ерекше. Бұл — «АймарҚұс» құс фабрикасының маркетингтік шешімі, «Galmart» тұтынушыларының талғамына сай.

Айтпақшы, әлеуметтік желілердегі пікірлерде 90-жылдардағы аңызға айналған Rama спреді де әзілмен еске алынды. Қызығы сол — бұл өнім қазір «Galmart»-та қайта сатыла бастады.

Әлеуметтік желі қолданушылары айтқандай, сиыр еті 4 200-6 900 теңге тұрады деген ақпарат жартылай шындық. Базардан етті 3 900 теңгеге де табуға болады. Ал 7 мың теңгеге дейінгі баға — жоғары сапалы кесек етке қатысты.

Жұмыртқа бағасы шын мәнінде 726 теңгеден басталады (С0 категориясы). 1-санатты жұмыртқа орта есеппен 540 теңге. Бірақ қаласаңыз, 1 200 теңгелік «алтын жұмыртқаны» да алуға болады.

Күнбағыс майының орташа бағасы — 800 теңге. Ал 3,2% сүт «Magnum» дүкенінде 420 теңгеден сатылады, жалпы орташа бағасы — 470 теңге.

Сары май расымен де арзан емес. Сапалы өнімнің бағасы — 4 500 теңгеден басталып, орташа есеппен 5 000 теңгеге дейін жетеді. Бірақ, бұл өнім құны жыл басынан бері айтарлықтай өзгерген жоқ.

Қорытындылай келе,  әлеуметтік желілерде айтылған кейбір баға расымен қазіргі нарықтық жағдайды көрсетеді.

Ұлттық статистика бюросының ресми статистикасынан. Инфографика: nofake.kz/

Дегенмен, көп жағдайда бағалар тым асыра айтылған. Ал жоғары баға ұсыныстары көбінесе премиум сегменттегі тауарларға қатысты екенін ескерген жөн. Бұл ретте, ҚР Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиевтің сөзімен толық келісуге болады: еліміздегі нарықта түрлі әлеуметтік топтарға арналған тауарлар жеткілікті түрде ұсынылған.

Оқу үшін