БҚО-да ұшқышсыз ұшу аппаратының сынықтары табылғаны расталды

Иллюстрация: freepik.com
Полиция мәліметінше, нысан елді мекеннен тыс жерде табылған, деп хабарлайды NoFake.kz.
Бұған дейін әлеуметтік желілерде Батыс Қазақстан облысында ұшқышсыз ұшу аппаратының сынықтары табылғаны туралы ақпарат тараған болатын. Облыстық полиция департаменті бұл фактіні растады.
Нақтыланған мәліметке сәйкес, заттар Ақжайық ауданында, елді мекен аумағынан тыс жерде анықталған.
«Батыс Қазақстан облысының полиция департаменті уәкілетті қызметтермен бірлесіп, Ақжайық ауданында ұшқышсыз ұшу аппаратының сынықтарына ұқсас заттардың табылуына байланысты тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Нысан елді мекен аумағынан тыс жерде табылды», — деп хабарлады полиция.
Қазіргі уақытта тексеру жүргізілуде. Табылған сынықтардың шығу тегі мен оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда.


