NoFake

БҚО-да тұтынушы ас тұзын таппай жүргенін облыс әкімі растады

5312275736976624527 e1765190975994

Фото: Орталық коммуникациялар қызметі

Батыс Қазақстан облысында соңғы апталарда дүкен сөрелерінен ас тұзы тапшылығы байқалды. Өңір әкімі Нариман Төреғалиев мәселеге қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды nofake.kz/.

Облыс әкімінің хабарлауынша соңғы күндері өңірде расымен тұз тапшылығы мәселесі туындаған. Оған Ресейдің Орынбор облысының «Россоль» компаниясындағы өндірістік жағдай себеп болған. Салдарынан өңірде 7-10 күндей тұз тапшы болған.  

«Иә, ол рас. Біріншіден, біз үш жерден тұз аламыз. Біреуі – Атырау облысындағы Индерден, екіншісі – Қызылорда облысындағы «Арал тұз» мекемесінен. Үшіншісі – Ресейдің Орынбор облысындағы «Россоль» компаниясынан тұз аламыз. Осы жерде тұздың болмай қалуының себебі болды, ол рас ақпарат. Себебі, «Россоль» компаниясында өздерінің өндірістік жағдайларына байланысты 1 апта-10 күндей үзіліс болып қалды. Олардың тұзын неге алып отырмыз? Себебі, оларда ең арзан тұз – 52 теңге. Қазір тұз мәселесі толығымен шешілді. Бүгінде толық көлемде облыс халқына қажет тұзды қамтып отырмыз», — деді облыс әкімі.  

Еске салайық, бүгін облыс әкімі Орталық коммуникациялар алаңында тілшілер алдында брифинг өткізіп, өңірдің даму көрсеткіштері жайлы есеп берген еді.

Оқу үшін