NoFake

Базалық діни сұрақтарға жауап береді — ҚМДБ ЖИ имамды іске қосады

Фото: ҚМБД

ҚМБД Пәтуа бөлімінің маманы «Imam AI» жобасының жақын уақытта толық іске қосылатынын хабарлады, деп мәлімдейді NoFake.kz.

Жүйе тек Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ресми сайтында жарияланған материалдар мен Мүфтият шығарған кітаптар негізінде жауап береді.

«Заман талабына сай біз де жасанды интеллект мүмкіндіктерін діни салада жүйелі түрде енгізуді қолға алуымыз қажет. Бұл, ең алдымен, халықтың діни сұрақтарына жедел әрі сенімді жауап беруге, сондай-ақ дін қызметкерлерінің жүктемесін азайтуға жол ашады», – деп атап өтті Наурызбай қажы Тағанұлы.

ҚМБД мәліметінше, жасанды интеллект өз тарапынан пікір қоспайды және балама нұсқалар ұсынбайды. Сұрақтарға тек дерекқорда бар ақпарат аясында жауап қайтарылады. Жоба діни мәселелер бойынша ресми әрі нақты мәлімет ұсынуға бағытталған.

Оқу үшін