Басшылық атынан жалған хабарламалар тарап жатыр- Кірістер комитеті

Фото: Gov.kz
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті басшылығының атынан таралып жатқан жалған хабарламалар көбейгенін мәлімдеді, деп хабарлайды NoFake.kz.
«Мемлекеттік кірістер комитеті Басшылығының атынан жалған алаяқтық хабарламалар жиілеп кетті. Бұл хабарламаларды интернет-алаяқтар WhatsApp, SMS, әлеуметтік желілердегі хабарламалар арқылы жібереді. Осыған байланысты, ҚР ҚМ МКК қырағылық танытуға және жалған хабарламаларға сенбеуге, ақша қаражатын аудармауға, күмәнді сілтемелер бойынша өтпеуге, алынған хабарламалардың дұрыстығын тексеруге кеңес береді», — деп жазылған ресми хабарламада.
Азаматтар күмәнді хабарлама алған жағдайда оны елемей, ақпаратты тек ресми дереккөздер арқылы нақтылағаны жөн.


