NoFake

70 мың теңге: жалған төлем туралы хабар тағы тарады

Елімізде әлеуметтік мессенджерлер арқылы 70 мың теңге бір реттік «мемлекеттік жәрдемақы» алу туралы хабарлар тарай бастады. Төлем алу үшін 15 жастан асқан қазақстандықтарға бар болғаны — сілтеме арқылы өтіп, жеке деректерді енгізу ұсынылады. ҚР Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі бүгінде мемлекеттік қолдаудың мұндай шарасы жүзеге аспайтынын, ал нақты мәліметтер тек ведомствоның ресми ресурстарында жарияланатынын атап өтіп, ақпаратты жоққа шығарды.

Жалпы осындай «жалған ақпараттардың» жариялануы елімізде жиі кездеседі. Осындай ақпаратты көріп қалсаңыз неге басты назар аудару қажет:

·Ұсыныстың тартымдылығы. Уәде етілген соманың (70 000 теңге) шағын болуы және ол шынымен төленетініне сенімділік ұялатып, ақпаратты тексеру үшін сілтемсенің болуы

·Барлығына қол жетімді. Азаматтардың туған жылдарының ауқымы (1949-2010). Бұл елдің ересек тұрғындарының барлығы дерлік

·Жалған мемлекеттік орган атаулары. Алаяқтар мемлекеттік институттарға деген сенімділікке сүйене отырып, «әлеуметтік қор» немесе «мемлекеттік бағдарлама» атауларын пайдаланады

·Жедел төлем және қарапайымдылық. Сізге тек сілтемеге өтіп, деректерді толтыру жеткілікті.

Бұл кімге керек?

Алаяқтық сайттарда енгізілген ТАӘ, ЖСН, банк деректемелері және байланыс ақпараты мыналар үшін пайдаланылуы мүмкін:

·Банктік шоттардан ақша ұрлау

·Жәбірленушінің атына несие мен қарыз ресімдеу

·Деректерді сату

·Зиянды бағдарламаларды сіздің құрылғыңызға орнату

Мемлекеттік органдарда, оның ішінде жауапты министрлік «белгісіз әлеуметтік қордан» ешқандай төлем жасалмайтынын тағы да ескертеміз. Мемлекеттік қолдау шаралары туралы ақпарат тек ресми сайттар арқылы таратылады.

Жалған ақпаратты таратуға талдау

Қазақстанда «жаппай төлемдер» туралы фейк ақпараттар көбінесе ел үшін маңызды әлеуметтік-экономикалық өзгерістер кезеңінде пайда болады немесе әлеуметтік қолдау шаралары туралы хабарландыру кезеңімен сәйкес келеді.

Бүгінде Қазақстан жоғары цифрландыру кезеңінде – 2025 жылғы дерекке сәйкес халықтың 91%-дан астамы интернетті пайдаланады, ал Telegram және WhatsApp мессенджерлері коммуникацияның негізгі арналарына айналды. Хабарламалар тез таралады, ал олардың шынайлығын тексеруге көпшілік уақыт жұмсағысы келмейді.

Статистика деректері бойынша, 2025 жылдың II тоқсанында елдегі орташа жалақы 370 000 теңге деңгейінде болды, несиелік жүктеме бір жылда 14%-ға артқан.

Оқу үшін