NoFake

Токсин қаупі бар: «Нестле Фуд» балалар тағамын кері қайтару себебін түсіндірді

Depositphotos 266811054 L

Фото: depositphotos

Әлеуметтік желілерде Қазақстанда балалар тағамы жаппай кері қайтарылып жатыр деген хабарламалар тарады. Осыған байланысты Нестле Фуд Қазақстан ресми мәлімдеме жасап, жағдайға түсінік берді, деп хабарлайды nofake.kz/.

Компанияның хабарлауынша, Қазақстан аумағында балалар тағамының шектеулі партиясы ғана ерікті түрде кері қайтарылып жатыр.

«Нестле Фуд Қазақстан» ЖШС Қазақстан Республикасының аумағында балалар тағамының шектеулі көлемін ерікті түрде кері қайтарып жатыр. Атап айтқанда, бұл құрғақ тез еритін сүт және қышқыл сүт қоспаларына, сондай-ақ аминқышқылдары негізіндегі емдік-диеталық құрғақ қоспаның жекелеген партияларына қатысты. Атап айтқанда: NAN 1 OPTIPRO – 51500346AA, 51740346AC, 51510346AA, 52180346AA, 51740346BA, 52200346BA партиялары; NAN 2 OPTIPRO – 51420017C5, 51670017C2, 52940017C2, 51680017A1, 5200167811, 5200167821, 5220167821, 5240167821, 5241167821, 5256167811 партиялары; NAN қышқыл сүтті – 51220017A2, 51230017A1 партиялары; NAN лактозасыз – 51400346AA партиясы; ALFARÉ Amino – 51050017Y2 партиясы, – делінген компания хабарламасында.

Аталған шешім сыртқы жеткізушіден алынған шикізатта (арахидон қышқылы) цереулид токсинінің болуы мүмкін деген әлеуетті қауіпке байланысты қабылданған. Компания өкілдері ингредиенттің өнімдегі мөлшері өте аз екенін және Қазақстанда тағам өнімдерінде цереулид токсинінің мөлшерін нормалау талабы қарастырылмағанын атап өтті.

«Нестле Фуд Қазақстан» 2026 жылғы 5 қаңтардан бастап балалар тағамының шектеулі партияларын ерікті түрде кері қайтару шараларын бастады», – деп хабарлады компания.

Өнімді кері қайтару туралы шешім алдын алу шарасы ретінде және компанияның қатаң сапа мен қауіпсіздік хаттамаларына сәйкес қабылданған. Сондай-ақ компания уәкілетті реттеуші органды ресми түрде хабардар еткен.

«Реттеушіге, тұтынушыларға және клиенттерге Қазақстан нарығында қабылданып жатқан шаралар туралы барлық қажетті ақпарат ұсынылады», – деп нақтылады компания.

Көрсетілген партиялардан өнім сатып алған тұтынушылар оны компания белгілейтін тәртіппен кері қайтара алады. Қайтару шарттары мен қосымша ақпарат компанияның сайтында жарияланады. Кеңес алу үшін тәулік бойы жұмыс істейтін тұтынушыларды қолдау қызметіне хабарласуға болады: +8 800 080 55 44.

Компания мәліметінше, бұл шара өнімнің шектеулі партияларына ғана қатысты. Қазақстанда ұсынылып отырған басқа партиялар мен Nestlé компаниясының өзге балалар тағамдары кері қайтаруға жатпайды.

Оқу үшін